Тақырып: §64
Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы
КАНЦЕРОГЕНЕЗ ДЕГЕН НЕ?
Бұл қатерлі ісіктердің пайда болуы мен дамуының күрделі биологиялық процесі. Ол жасушалардың генетикалық құрылымындағы өзгерістерден (мутациялардан) басталады және бірнеше кезеңдерден өтеді. Қарапайым тілмен айтқанда, канцерогенез – денедегі қалыпты жасушалардың қатерлі ісікке айналу механизмі.
Қатерлі ісік жасушаларының кәдімгі дене жасушалардан айырмашылығы неде?
  • Кәдімгі дене жасушалары санаулы рет қана бөлінеді
    Ал қатерлі ісік жасушалары шексіз бөлініп, өсуге қабілетті
  • Обыр жасушалары жайылып метастазға алып келеді
    Оның кейбір жасушалары лимфа, не қантамырлар арқылы басқа мүшелерге, ұлпаларға таралып, сол жерлерде жаңа ісіктер пайда болады
Жаңа термин сөздер
Сомалық мутация деген не?
Қатерлі ісік ауруының пайда болу процессі. Көптеген мутагендік факторлар канцерогендік әсер етеді. Қатерлі ісік ауруы - ХХ ғасырдағы адамдардың ең қауіпті ауруының бірі
Ретинобластома деген не?
Көздің тор қабығында пайда болатын ісік. Көбінесе кішкентай балаларда кездеседі.
Неге пайда болады?
Бұл ауру көбінесе генетикалық себептерден немесе кездейсоқ мутациялардан болады.

Қанцерогенез деген не?
Организмде қатерлі ісік ауруларын және әр түрлі қатерлі және қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар
Канцерогенездің вирустық болжамы
Көптеген қатерлі ісік және лейкоз ауруларының вирустар әсерінен болатыны анықталды. Бірақ көптеген қатерлі ісік пайда етуші вирустарда тұқымқуалаушылық материалы ретінде ДНҚ емес, РНҚ молекуласы болады. 1970 жылы Г.Темин мен Д.Балтимор РНҚ молекуласы негізінде ДНҚ молекуласының синтезделуін қамтамасыз ететін ерекше фермент - кері транскриптазаны ашты. Осындай РНҚ-лы вирустарды ретровирустар деп атайды. Вирустар РНҚ күйінде жасушада ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етіп жүре алады. Ал сол РНҚ-дан кері транскриптаза ферментінің қатысуымен ДНҚ синтезделіп, жасуша ДНҚ-сына жалғанса болды, жасушаға әсер етіп, обыр жасушасына айналады.
Жағдаяттық тапсырма
Төмендегі ақпарат негізінде жағдаяттық сұрақтарға жауап беріңіз
  • Қатерлі ісік жасушалары тез бөлінеді және дені сау жасушаларға қарағанда бақылаусыз көбейеді.
  • Олар айналасындағы ұлпаларды зақымдайды және қан немесе лимфа арқылы басқа мүшелерге таралуы мүмкін.
  • Бұл жасушалар табиғи апоптоз (жасушалардың табиғи өлуі) механизмінен қашып құтылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
  • Егер қалыпты жасуша 1 сағатта 1 рет бөлінсе, ал қатерлі ісік жасушасы 1 сағатта 2 рет бөлінсе, 6 сағат ішінде әрқайсысының бөліну нәтижесінде қанша жасуша пайда болады?
  • Қатерлі ісік жасушалары бақылаусыз бөлінген жағдайда, қандай қауіптер туындайды және олардың алдын алу жолдары қандай болуы мүмкін?
  • Ерлан қатерлі ісік туралы достарына түсіндіргісі келеді. Ол үшін сіз оларға қандай өмірлік мысал келтірер едіңіз?
Үйге тапсырма
"Өмір сүру салты қатерлі ісіктің пайда болуына әсер ете ме?" тақырыбына 80-150 сөзден тұратын эссе жазу
Made on
Tilda