Генотиптің өзгеруіне байланыссыз сыртқы орта жағдайларының әсерінен болған организм фенотипіндегі белгілердің өзгеруі.
"Ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштікті" зерттеген ғалымдар
Н.И.Вавилов
Ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік біртіндеп мутациялық өзгершітікке айналуы мүмкін деген тұжырым айтты
Гофман мен Сонеборн
Ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштіктің аналық бойынша ұрпақтан ұрпаққа берілуі хромосомалардан тыс орналасқан құрамдас бөлігіне байланысты екенін көрсетті
М.Зияров
Бидай өсімдігінің үзаққа созылған модификациялық өзгергіштігін алды. Өсімдіктер белгілерінің дамуының жеке көрінісіне вариациялық қатар құру арқылы вариантын білу модификациялық өзгергіштікке жатады деді
Вариациялық қатар деген не?
Вариациялық қатар – бұл қандай да бір белгі бойынша алынған деректердің өсу немесе кему ретімен орналасқан жиынтығы. Ол зерттелетін объектілердің әртүрлілігін көрсетеді және олардың айырмашылықтарын анықтауға көмектеседі. Мысалы, егер сіз бір сыныптағы оқушылардың бойын өлшеп, олардың бойын ең кішісінен ең үлкеніне қарай реттесеңіз, бұл вариациялық қатар болады.