Гендері жыныстық хромосомаларда орналасқан белгілерді жыныспен тіркескен белгілер деп атайды. Ал белгілердің жыныстық хромосомалары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілуін жыныспен тіркес тұқым қуалау деп атайды. Бұл құбылысты Томас Морган дрозофила шыбынына тәжірибе жүргізгенде ашты.