Тақырып: §73
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы
Тұқымқуалаушылық деген не?
Тұқымқуалаушылық дегеніміз - ата-тектерге тән белгілерді сақтаудағы тірі организмдердің ортақ қасиеті. Тіршілік иесінің бұл ерекшелігі көбеюге дейінгі ДНҚ-ның еселенуі кезіндегі генетикалық ақпараттың берілуімен қамтамасыз етіледі.
"Ген" ұғымын ғылымға кім енгізді?
  • 1909 жылы В.Иогансен тұқым қуалау факторларын ген деп атады.
  • 1911 жылы американдық биолог Томас Морган және оның әріптестері ұсынған "тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы" бойынша тұқымқуалаушылықтың бірлігі "ген" деп атап өткен.
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы деген не?
Теорияның негізін қалаған Т.Морган. Ол кейбір гендердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі жыныс хромосомаларына байланысты болатындығын, яғни жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтындығын байқады. Ол 1910-1915 жылдары өзінің шәкірттерімен бірге жеміс шыбыны - дрозофилаға жүргізген тәжірибелерінің нәтижесінде анықтады.
Топтық жұмыс: ПОПС формуласы (Позиция Объяснение Пример Суждение)
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

1-топ – Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін қалаған кім?
2-топ – Т.Морганның зерттеулері ғылымның дамуына үлес қосты ма?
3-топ – Неліктен Т.Морган зерттеу объектісі ретінде дрозофила шыбынын таңдады?

Үйге тапсырма: 53 беттегі есептерді шығару

Made on
Tilda