Тақырып: §74
кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарының бұзылуы
Кроссинговер деген не?
Ұқсас жұп хромосомаларды бойлай бірнеше аллельді гендердің орналасатындығы белгілі. Кейде осы жұп хромосомалар айқасып, нәтижесінде Х тәрізді фигуралар - хиазмалардың пайда болуы хромсомалардың айқасуы немесе кроссинговер деп аталады. Яғни, гомологті хромосомалардың ұқсас бөліктері арасында ажырау және қайта бірігу нәтижесінде болатын айқасу. Бұл құбылысты 1911 жылы Морган ашқан.
Кроссинговерге ұшыраған хромосомалары бар гаметалар кроссоверлі, ал ұшырамаған хромосомаларды кроссоверленбеген деп атайды. Хромосомалардың айқасу мөлшерін, кроссоверлі даралардың процентін ұрпақтың жалпы санына шағып есептейді. Айқасудың өлшем бірлігі ретінде оның бір процентке тең мөлшері алынады. Оны Т.Морганның құрметіне морганида, кейде сантиморган деп атайды.

Кроссинговердің мөлшері = кроссоверлік ұрпақтың саны *100/ұрпақтың жалпы саны
№1 есеп: Дигетерозиготалы аталық дрозофила шыбындары сұр денелі және қалыпты қанаттары (басымдық белгілері) қара денелі және қысқа қанатты (рецессивті белгілер) аналықпен айқастырылды. Ата-аналардың генотиптерін, сондай-ақ F1 ұрпақтарының мүмкін болатын генотиптері мен фенотиптерін анықтаңыз. Есепті шешу үшін сызба құрастыр. Нәтижелеріңізді түсіндіріңіз.
Шешуі.
Жағдай бірден гендердің байланысқандығын және кроссинговердің болмайтынын көрсетеді.
Берілгені: А - сұр, а - қара, В - қалыпты, в - қысқартылған.

Гендер байланысқандықтан және кроссинговер жүрмейтіндіктен, аталық тек 2 АВ және ав гаметасын береді, ал аналық ав гаметасының бір түрін береді. Ұрпақ 1:1 қатынасында тек екі фенотипті көрсетеді
ЖАУАП:

1) ата-анасының генотиптері: aabb (гаметалар: ab) және AaBb (гаметалар: AB, ab);
2) ұрпақтың генотиптері: AaBb – сұр дене, қалыпты қанаттар және 1 aabb – қанаттары қысқарған қара дене.
№2 есеп: А, В, D гендері байланысқан. А және D гендерінің арақашықтығы 5 морганида, В және D гендерінің арасы 6 морганида, А мен В арасындағы 11 морганида. Хромосоманың картасын құрастыр.
ЖАУАП:

Гендер бір-бірімен байланысты, яғни олар бір хромосомада және төмендегідей реттелген:

A__________D________________B
5 морганида____ 6 морганида
Дәптермен жұмыс

Үйге тапсырма: Кроссинговердің жүру механизмін түсіндіру

Made on
Tilda