Ұқсас жұп хромосомаларды бойлай бірнеше аллельді гендердің орналасатындығы белгілі. Кейде осы жұп хромосомалар айқасып, нәтижесінде Х тәрізді фигуралар - хиазмалардың пайда болуы хромсомалардың айқасуы немесе кроссинговер деп аталады. Яғни, гомологті хромосомалардың ұқсас бөліктері арасында ажырау және қайта бірігу нәтижесінде болатын айқасу. Бұл құбылысты 1911 жылы Морган ашқан.