Тақырып: §76
Эпистаз. комплементарлы полимерия
Комплементарлы әрекеттесу
Комплементарлы деп екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады. Мысалы, көгілдір қауырсынды тотықұс сары қауырсынды тотықұспен будандастырса, бірінші ұрпақтың будандары біркелкі жасыл қауырсынды болып шығады.
Белгілердің 9:7 қатынасында ажырауы. Бұл құбылысты алғаш рет У.Бэтсон мен Пеннет хош иісті бұршақ өсімдігінің гүлінің түсі бойынша тұқым қуалауын зерттегенде ашты. Гүлінің түсі ақ екі гетерозиготалы бұршақ өсімдігін бір-бірімен будандастырғанда бірінші ұрпақтағы будан өсімдіктерінің барлығының гүлінің түсі қызылға айналған. Ал қызыл гүлді будан өсімдіктерін өздігінен тозаңдандырғанда екінші ұрпақта 9/16 өсімдік гүлінің түсі қызыл және 7/16 өсімдік гүлінің түсі ақ болған. Сонда белгілердің ажырауы 9:7 немесе 9:3:3:1 қатысында жүрген.
Дәптермен жұмыс

Үйге тапсырма: Жаңа терминдерді және олардың анықтамасын жаттау

Made on
Tilda