Тақырып: §78
нүктелік, хромосомалық, геномдық, ядролық және цитоплазмалық мутациялар
Мутация деген не?
Мутация - жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі. Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар гендік, хромосомалық, геномдық және цитоплазмалық болып бөлінеді.
Хромосомалық мутация түрлері
Дефишенсия
Хромосома ұштарының жетіспеушілігі
Делеция
Хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы
Инверсия
Хромосома бөлігінің 180 градусқа бұрылуына байланысты гендердің орналасу ретінің өзгеруі
Дупликация
Хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі
Қосымша мәлімет
  1. Хромосомалық мутациялар – бұл өзгерістер хромосоманың ішіндегі нақты гендердің орналасуына әсер етеді, сондықтан олар көбінесе ауыр тұқым қуалайтын ауруларға алып келеді.

2. Геномдық мутациялар – организмнің бүкіл генетикалық материалын қамтиды, сондықтан бұл мутациялар көбінесе тіршілікке ауыр әсер етеді немесе тіпті өлімге әкеледі.

3. Цитоплазмалық мутациялар – көбінесе митохондрияның немесе пластидтердің жұмыс істеу қабілетін өзгертеді және анадан ұрпаққа беріледі.

Дәптермен жұмыс

Отбасындағы тұқым қуалайтын белгілерді зерттеу

Отбасының 3-4 мүшесін таңдаңыз (ата-ана, бауырлар, әжелер, аталар).

Әр адамда байқалатын келесі белгілерді жазып алыңыз:

Көздің түсі

Шаштың түсі

Шаштың түрі (толқынды, тік, бұйра)


Генетикалық зерттеу жүргізу

Бұл белгілерді доминантты және рецессивті гендерге бөліңіз.

Мысалы: Қоңыр көз – доминантты, ал көк көз – рецессивті.

Бұйра шаш – доминантты, ал түзу шаш – рецессивті.


Сұрақтарға жауап беру:

Қандай белгілер көбінесе отбасы мүшелерінде кездеседі?

Белгілердің ұқсастығы сіздің генетикалық туыстықтарыңызды қалай көрсетеді?

Қандай белгілер сирек байқалады және оларды кімнен мұра еткен деп ойлайсыз?

Үйге тапсырма: 70 беттегі тапсырмаларды орындау

Made on
Tilda