Тақырып: §79
адам хромосомасы жиынтығының кариограммасын құру. геномдық мутацияны оқып білу
Хромосома деген не?
Жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын жасуша бөліктері. Хромосомалар өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады.
Кариограмма деген не?
Бұл жасушадағы барлық хромосомаларды белгілі бір тәртіппен орналастырып, визуалды түрде көрсету. Бұл генетиктерге адам организміндегі генетикалық ақпаратты зерттеуге мүмкіндік береді. Адамның дене жасушаларында 46 хромосома бар: 23 жұп. Оның 22 жұбы аутосомалар (дене хромосомалары), ал соңғы жұбы жыныс хромосомалары (XX немесе XY).
Кариограммада хромосомалар ұзындығы бойынша үлкенінен кішісіне қарай орналастырылады.
Кариограмманы қалай жасайды?
Адамның қанын немесе басқа жасушаларын алады
Жасушаларды арнайы заттармен өңдеп, олардың бөлінуін тоқтатады (метафаза кезінде)
Хромосомаларды микроскоппен қарап, суретке түсіреді
Арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы оларды топтастырып, ретке келтіреді
Кариограмманы құрастыруда ашылған жаңалықтар
  • Кариограмма жасау техникасы 20-ғасырдың ортасында пайда болды. 1956 жылы Джо Тийо мен Альберт Леван адамның 46 хромосомасы бар екенін алғаш рет анықтады.
  • Бұрынғы зерттеушілер адамның 48 хромосомасы бар деп қателескен.

Эволюциялық зерттеулер
  • Кариограмманың көмегімен жануарлар мен адамдардың генетикалық ұқсастығын зерттейді.
  • Мысалы, адамдар мен шимпанзелердің хромосомаларының құрылымы 98-99% ұқсас, бірақ шимпанзелерде 48 хромосома бар.

Қызықты дерек:
Кейбір жануарлардың хромосомаларының саны таңғаларлық!
  • Иттерде – 78 хромосома.
  • Тауықтарда – 78 хромосома.
  • Жылқыда – 64 хромосома.
  • Қарапайым дафния шаянында – 192 хромосома!
Дәптермен жұмыс

Үйге тапсырма: Хромосома типтерін жаттау

Made on
Tilda