Тақырып: §81 Тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация) пен эволюция арасындағы өзара байланыс
Мутация деген не?
Бұл табиғи жағдайда кененттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Мутацияның көбі зиянсыз, оларды үнемі қалыпты доминанттылық ген жауып тұрадыы. Бұндай мутациялар эволюцияның материалы болып табылады.
Биологиялық эволюцияның ерекшеліктері
Тірі организмдердің тарихи дамуының қайталанбайтын процесі
Биологиялық жүйелердің біртіндеп күрделеніп жоғары сатыға көтерілу процесі
Тірі организмдердің қарапайым формадан күрделірек формаға баяу өзгерген процесі
Эволюциялық ілімнің даму кезеңдері
Жан Батист Ламарк
"Зоология философиясы" еңбегінің авторы. Ол эволюцияны ұзақ уақытқа созылатын тарихи процесс екенін атап көрсетті
Чарльз Дарвин
Эволюция ілімінің негізін салды. Ол организмдер эволюциясының қозғаушы күшін ашты, яғни тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталудың нәтижесінде жүзеге асатынын атап көрсетті
Грегор Мендель
ХХ ғасырдың басында тұқымқуалаушылық заңдарын ашты
Биологиялық прогресс - жүйелік топтағы даралар санының артуы, таралу аймақтарының кеңеюі, басқа да жүйелік топтарға ажырауы. Академик А.Н.Северцев пен И.И.Шмальгаузен биологиялық эволюцияның бағыттарын анықтады (ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация)
Ароморфоз
Даралардың құрылым деңгейі күрделенеді. Мысалы, екі қабаттан тұратын жалпақ құрттарда үшінші мезодерма қабаты пайда болды
Идиоадаптация
Организмнің күрделенбей бейімделуі. Мысалы, жануарлардың бүркеніш реңі, өсімдіктердің тікенектері, безді түктері, скат пен камбаланың су түбіне бейімделіп, жалпақ болуы
Дегенерация (морфофизиологиялық регресс)
Құрылысының қарапайымдануы. Мысалы, паразиттік тіршілік әрекетіне байланысты жалпақ құрттарда сезім, асқорыту мүшелерінің жойылып, жүйке жүйесі құрылысының қарапайымдануы
Дәптермен жұмыс
Тақырып: "Эволюция адамның өміріне қалай әсер етеді?" Достарыңызбен немесе топта талқылаңыз:
Биологиялық прогрестің арқасында адамзат қандай мүмкіндіктерге ие болды?
Табиғаттағы эволюция процесі қандай қауіптер әкелуі мүмкін?