Тақырып: §82 Тұқым қуалайтын өзгергіштік - эволюция негіздері
Тұқым қуалайтын өзгергіштік деген не?
Өзгергіштіктің бұл түрі тұрақты сипатқа ие, себебі генотип құрылымын ДНҚ нклеотидтері деңгейіне дейін қозғайды, хромосомалардың санын, гендердің құрылымын, хромосомалардың тәртібін өзгертеді: делеция, транслокация, инверсия, дупликация.
1927 жылы орыс генетигі Ю.Филипченко эволюциялық процесті екі топқа бөлді:
Макроэволюция
Түрден де жоғары деңгейдегі таксондардың қалыптасуына ықпал ететін процесс. Бұл терминді алғаш Ю.Филипченко қолданды.
Микроэволюция
Бір түрге жататын популяциялар ішінде жүретін әрі сол популяциялардың гендік қорының өзгеруіне және жаңа түрлердің пайда болуына алып келетін эволюциялық процестердің жиынтығы. Бұл терминді Н.В.Тимофеев-Ресовский енгізді.
Топтық талқылауға арналған тапсырмалар
"Эволюциялық әңгіме жасау" Топтық жұмыс немесе жеке орындау: топпен немесе жеке орындауға болады. Бірінші бөлімде қатысушылар келесі ұғымдарды қысқаша сипаттау керек:
Микроэволюция: генетикалық деңгейдегі ұсақ өзгерістер (мысалы, мутациялар, миграция, табиғи сұрыптау).
Макроэволюция: ұзақ мерзімді өзгерістер, жаңа түрлердің пайда болуы және ірі таксондардың өзгеруі.
Эволюциялық желі жасау
Бір жануарды немесе өсімдікті таңдап, оның микроэволюциялық және макроэволюциялық өзгерістерін сипаттаңыз.
Мысалы, жұлдызқұрт (микроэволюциядағы өзгерістер: түсінің өзгеруі, бейімделу қабілеті) → көбелек (макроэволюциядағы өзгерістер: жаңа түрлердің пайда болуы).
Шығармашылық тапсырма Таңдалған жануар немесе өсімдік негізінде әңгіме немесе қысқа комикс жасаңыз. Бұл әңгімеде микроэволюцияның нақты бір мысалы арқылы үлкен өзгерістер (макроэволюция) қалай болатынын түсіндіру қажет. Мысалы:
Балықтардың бір тобының терең суда өмір сүруге бейімделуі (микроэволюция). Уақыт өте келе олар жаңа түрге айналып, тек терең су экожүйесінде өмір сүретін балықтар тобына (макроэволюция) айналады.
Талқылау сұрақтары
Қандай факторлар микроэволюцияға ықпал етті?
Макроэволюцияның нәтижелері қандай болды?
Екі процестің өзара байланысы қандай?
Үйге тапсырма: Макроэволюция мен микроэволюцияны салыстыру кестесін жасау (кесте түрі еркін)