Тақырып: §84 Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес
Табиғи сұрыпталу
Өзінен соң ұрпақ қалдыра алатын, белгілі бір орта жағдайына жақсы бейімделген даралардың тірі қала алатын эволюцияның ең басты қозғаушы күші.
Тіршілік үшін күрестің түрлері
Түраралық күрес
Бір түр мен екінші түрдің арасындағы күрес. а) жыртқыштық жағдайдағы бәсекелестік; ә) паразиттік жағдайдағы бәсекелестік;
Түрішілік күрес
Тек бір түрге жататын даралар арасында өтеді. Мұндай күреске бұғылардың немесе өзге жануарлардың күйлеу бәсекелестігі, қарағайлы немесе шыршалы ормандардағы өсімдіктердің бір түрінің жарық үшін бәсекелестігі мысал бола алады.
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес
Өлі табиғатпен күрес. Мысалы, табиғи апаттар, тасқын су, ерте үсік жүру, қар жауудың ұзаққа созылуы, жанартау газдарының шығуы, және т.б.