Өкілдер саны азайып, популяция оқшауланғанда алелльдер жиілігінің кездейсоқ ауытқуына байланысты аллельдер не толық бекіп, не популяция генофондынан жойылып кетуі. Яғни, популяция санының аз болуына байланысты өзгеруін айтады.
Негізгі ұғымдар
Популяция
Таралу аймағының белгілі бөлігінде тіршілік ететін, үнемі еркін шағылысатын бір түрге жататын даралар тобы
Оқшаулану
Тірі организмдердің әртүрлі табиғи кедергілердің салдарынан еркін шағылыса алмай бөлініп қалуы
Биологиялық оқшаулану
Жеке түрлердің шағылысуына кедергі жасайтын анатомиялық, физиологиялық, этологиялық себептердің пайда болуы
Географиялық оқшаулану
Бір түр популяциясының бір-бірінен өте алшақ аумақтарда орналасулары себепті олардың еркін шағылысуына географиялық кедергілер мүмкіндік бермейді
Экологиялық оқшаулану
Бір аймақта тіршілік ететін бір түрдің популяциясын бөліп тастайтын мекен ету жаағдайларының жиынтығы