Өсімдіктердегі зат алмасудың соңғы онімдері. Өсімдік ағзасында маңызды екі үдеріс: тыныс алу жоне фотосинтез үдерістері жүретінін білесіңдер. Тыныс алу барысында түзілетін заттар фотосинтез кезінде пайдаланылады және керісінше
Фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері
Фотосинтездің бастапқы өнімдеріне су ыдырағанда түзілетін оттек пен сутек, жарық хлорофилмен әрекеттескен кезде түзілетін энергияға бай зат жатады. Фотосинтездің соңғы өнімі бірінші реттік көмірсу глюкоза болып табылады. Глюкозадан өсімдік кейін басқа органикалық заттар түзеді.
Бастапқы өнімдері:
Көмірқышқыл газы (CO₂) – атмосферадан жапырақтың лептесік арқылы кіреді.
Су (H₂O) – тамыр арқылы топырақтан сіңіріледі.
Күн сәулесі (энергия көзі) – хлоропласттағы пигменттер (хлорофилл) арқылы сіңіріледі.
Соңғы өнімдері (шығатын заттар):
Глюкоза (C₆H₁₂O₆) – өсімдіктің қоректік заты ретінде түзіледі.
Оттек (O₂) – атмосфераға бөлініп шығады.
Тыныс алудың бастапқы және соңғы өнімдері
Тыныс алудың бастапқы өнімдеріне органикалық заттардың аэробты оттексіз ыдырау үдерістерінің нәтижесі жатады. Бұл заттар алуан түрлі болуы мүмкін. Адам жане жануарлардың жұмыс істеп жатқан бұлшық ет жасушаларында сүт қышқылы түзіледі. Кейін ол оттек қатысында ыдырайтын болады.
Бастапқы өнімдері:
Глюкоза (C₆H₁₂O₆) – қоректен алынған органикалық зат.
Оттек (O₂) – тыныс алу кезінде сыртқы ортадан өкпе арқылы түседі немесе жапырақ саңылауы арқылы.
Соңғы өнімдері:
Көмірқышқыл газы – тыныс алу нәтижесінде пайда болып, сыртқа шығарылады.
Су – тыныс алу нәтижесінде түзіледі.
Энергия (АТФ) – жасушалардың тіршілік әрекетіне жұмсалады.
Өсімдіктердің бөліп шығару ұлпалары
Сүтті өзектер
Өсімдіктердің арнайы бөлу ұлпалары, құрамында сүтке ұқсас шырын болады. Бұл шырын өсімдікті жарақаттан қорғап, кейде зиянкестерден сақтайды
Шайыр
Кейбір ағаштар бөлетін жабысқақ зат. Ол жарақаттанған жерді жауып, микоағзалар мен зиянкестердің енуінен қорғайды
Эфир майлары
Өсімдік жасушаларында түзілетін хош иісті ұшқыш заттар. Олар көбінесе өсімдіктерді зиянкестерден қорғау үшін түзіледі, сондай-ақ тозаңдануға көмектеседі
Ақыл картасы құру
Үй тапсырмасы: "Менің өсімдіктерден бөлінетін заттар туралы жаңалығым" тақырыбында шағын эссе жазып, табиғаттың осы құбылысына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.