§31. Жануарлардың зәр шығару жүйесінің эволюциясы

Жануарлардағы зәр шығару жүйесі
  • Қарапайымдар
    Жиырылғыш вакуоль арқылы бөліп шығаруды жүзеге асырады. Бұл өсімдік вакуоліне ұқсас жасуша цитоплазмасында болатын мембра на көпіршіктері
  • Жалпақ құрттар
    «Жұлдыз тәрізді жасушалар» алғаш жалпақ құрттарда пайда болды. Олар кірпікшелері бар құйғы тәрізді құрылымға жалғасып, ұзын бойлық шығару өзектеріне ашылады да, қалдықтарды сыртқа шығарады.
  • Жұмыр құрттар
    Жұмыр құрттар. Аскариданың бөлу мүшесі денесінің ортасында бір шығару тесігіне ашылатын бөлу түтікшесі. Ол арқылы зиянды заттар сыртқа шығарылады
  • Буылтық құрттар
    Алғаш рет бөлу мүшелері зәр шығару түтікшелері метанефридиялар пайда болады.
  • Ұлулар
    Ұлулар типінде бір немесе екі бүйрек қызмет етеді

  • Шаянтәрізділер
    Шығару мүшесі - жасыл бездер. Бұл шаянның жұп метанефридиялы бүйректері, олар бас бөлігінде орналасқан болып, мұртшалары немесе ауыз айналасында сыртқа ашылады.

  • Өрмекшітәрізділер
    Шығару мүшелері мальпигий түтікшелері. Мальпигий түтікшелері бір ұшы ішекке, ал екінші -ұшы денеге ашылатын түтікшелер. Яғни бүкіл түтікше қанмен аралас қуыс сұйықтығында болады.
Дәптермен жұмыс

Сұрақтарға жауап беріген соң
+ батырмасын басып, дұрыс жауабын көріңіз

8 зертханалық жұмыс. Өскін мысалында өсімдіктердің бөліп шығару ерекшелігін зерттеу



Мақсаты: өскіндердің заттар бөліп шығаратынын анықтау
Құрал-жабдықтар: мәдени өсімдіктердің 50 түқымы (астық тұқымдас өсімдіктер; сұлы, бидай, арпа немесе бұршақ тұқымдас өсімдік- тер бұршақ, үрмебұршақ және т.б.), Петри табақшасы, 2 пластикалық стакан, мақта немес сұаrі қағазы, 2 жарты литрлік банка, ок суы бар 2 сынауық.
Жұмыс барысы
Бұл жұмысты жасау үшін 50 туқымды 25-тен екі бөлікке бөледі. Тұқымның бір бөлігін ылғал мақта немесе сүзгі қағазы салынган Петри табақшасына салып қояды. Сөйтіп, өскін көктей бастағанша 1-3 күн күту керек. Содан кейін кесілген пластикалық стақанның біреуіне өнген тұқымдарды салып, бетін жауып қалмайтындай еmin су құяды. Екінші стақанға құрғақ тұқымдарды салады. Стақандарды эк суы бар тұрғыдағы (штатив) сынауықтармен (пробирка) бірге жарты литрлік банканың астына қояды. 5-7 күннен кейін бақылау жүргізуге болады.
1. Әк суының түрі қалай өзгергенін бақылаңдар. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
2. Неліктен тәжірибе нәтижелерінде айырмашылық бар?
а) Ол өскіннің өсу үдерісіне қалай байланысты?
ә) қандай заттан ок суы лайланады?
б) Бұл өсіп жатқан өскінде қарқынды жүріп жатқан қандай үдерісті дөлелдейді?

3. Зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша жалпы қорытынды жасаңдар.

Made on
Tilda