§32. Өсімдіктердегі қозғалыс
Өсімдік не үшін қозғалады?
Бірінші кезекте өсімдік өзіне қолайлы қоршаған орта жағдайларына бағытталуы үшін қозғалуға ұмтылады. Өсімдіктің барлық жапырақтары жақсы фотосинтездеу үшін жарықтың барынша көп мөлшерін алуға ұмтылады. Тамыр өз кезегінде оңтайлы тереңдікке дейін топырақта өседі. Сөйтіп, суды және пайдалы заттар ерітіндісін сіңіру үдерісін жеңілдетеді.
Өсімдіктің қозғалу реакцияларын негізгі екі топқа бөлуге болады. Бұл тропизм және таксис
  • Тропизм

    Тропизм өсімдік жасушалары, ұлпалары мен мүшелерінің белгілі бір тітіркендіргішке қатысты қозғалуынан байқалатын реакция.

    Тропизм жағымды жане жағымсыз болады. Жағымды тропизм кезінде өсімдік тітіркендіргіш жаққа қарай өседі. Жапырақтар мен өркендердің күн жарығы бағытында өсуі жағымды фототропизм, ал жоғары қарай өсуі жағымды гелиотропизм деп аталады

  • Таксис

    Таксис қозғалуға қабілетті ағзалар, жеке жасушалар не жасушаішілік қүрылымдардың белгілі бір тітіркендіргішке қозғалу реакциялары. Бірінші кезекте таксис жануарларға да, қозғалатын ағзаларға да, жануарларға жатпайтын қозғалатын біржасушалыларға да тән. Оларға бактериялар, біржасушалы балдырлар, саңырауқұлақтардың қозғалғыш жасушалары, өзі жылжуға қабілетті қан жасушалары т.б. жатады

ДҰРЫС/БҰРЫС
ТҰЖЫРЫМДАРДЫ ТАБЫҢЫЗ

1. Өсімдіктер жасушаларының қабықшасы олардың пішінін өзгертуге мүмкіндік береді.

2. Өсімдіктерде бұлшықет элементтері жоқ болғандықтан, олар белсенді қозғала алмайды.

3. Тамырдың топырақтағы төменге қарай өсуі фототропизм деп аталады.

4. Жапырақтардың жарық жаққа қарай өсуі жағымды фототропизм.

5. Тропизм тек біржасушалы ағзаларға тән.

6. Хлоропластар жарық бағытына қарай қозғалады, бұл таксис мысалы.

7. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер ашық кеңістікте жақсы өседі.

8. Қарағай мен қант қамысы жарықсүйгіш өсімдіктерге жатады.

Made on
Tilda