Біржасушалылардың қозғалу мүшелері. Біржасушалы жануарлар ағзалары суқоймаларда, ылғал жерлерде немесе басқа тірі ағзалар ішінде тіршілік етеді. Олардың басым бөлігінің қозғалу мүшесіне талшықтар (жгутики) жатады. Қоршаған сұйықтықта бұрама (винт) сияқты бұралған талшықтар дененің жануардың жалғыз жасушасын алға қозғалтады. Қозғалғыш бактериялардың қозғалу мүшесі біреу немесе көптеген талшықтар. Эукариоттарда көбінесе бір не екі, кейде одан көп, мысалы, 8 талшық болады . Қарапайымдардың тағы бір қозғалу мүшесіне кірпікшелер жатады. Олар құрылысы талшықтарға өте ұқсас, бірақ едәуір қысқа әрі көп болады. Біржасушалылардың үшінші әрі соңғы қозғалу тәсіліне жалган аяқтары жатады. Бұл уақытша өскіндері дененің кез келген бөлігінде түзілетін жасуша цитоплазмасының томпаюы .