Тақырып 35. жүйке жүйесінің типтері
Жүйке жүйесі дегеніміз не?
Үйлесімді бір- тұтас қызметті жүзеге асыру үшін жануарлар ағзасында жүйке жүйесі пайда болды.
Жүйке жүйесінің типтері
Диффузиялық жүйке жүйесі ең қарапайым түрі болып табылады. Жүйке жасушалары бүкіл денеде орналасқан және жүйке түйіндері түрінде шоғыр түзбейді. Жасушалар бүкіл денеге ретсіз орналасқандықтан жүйке жүйесін диффузиялық немесе торлы деп атайды. Мұндай жүйке жүйесі ішекқуыс- тыларға тән. Бұл жүйенің кемшілігі - гидра ағзасының жауап беру реакциясы алуан түрлі емес. Яғни итеруге де, тесуге де бірдей жауап болуы мүмкін .
Түйінді жүйке жүйесі де жұтқыншақ үсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндері мен құрсақ жүйке тізбектерінен тұрады. Бірақ түйіндер жақсы дамыған, олардың шашырап орналасуы жануарлардың нақты класының құрылысы мен тіршілігіне байланысты. Мұндай жүйке жүйесі ұлулар мен буынаяқтылар типіне тән.


Түтікшетәрізді жүйке жүйесі дененің
арқа жағында орналасқан жүйке түтігінен тұрады. Ол барлық желілі (хордалы) жануарларға тән. Осы типтің ең қарапайым өкілі (ланцетник) жүйке түтігінен тұрады. Басқа барлық желілілерде (омыртқалы жануарларда) жүйке түтігінің алдыңғы бөлігінде миы қалыптасқан. Жүйке түтігінің қалған бөлігі жұлыннан тұрады . Ми мен жүлыннан мүшелерді бақылайтын және дененің әртүрлі бөлігінде өрім (сплетение) түзетін жүйкелер тарайды.
Үйге тапсырма: «Омыртқалылардың және хордалылардың жүйке жүйесінің эволюциялық дамуы» тақырыбына эссе жазу
Made on
Tilda