Жүйке жүйесінің міндеті жеке бөліктердің өзара әсері барынша тиімді болу үшін жеке мүшелер мен жүйелердің жұмысын ұйымдастыру. Ягни жүйке жүйесі жеке бөліктердің жұмысын ұйымдастырып, оларды тұтас ағзаға айналдырады.
Әрбір нейрон денесі мен өсінділерден тұрады. нейрон денесі - ядросы, цитоплазмасы мен барлық негізгі органоидтері бар жасушаларының орталық бөлігі.
Дендрид
Нейрондардың қысқа тармақталған өсінділері дендрит деп аталады. Бұл атауды олар ағаш бұтақтарына ұқсайтын ерекше құрылымына байланысты алды (грек тілінен dendron-ағаш).
Аксон
Жасуша денесінен шығатын ұзын бір өсінді аксон деп аталады. Аксон ішінде ұсақ органоидтер, сыртында жасуша мембранасы болатын нейрон цитоплазмасының алып өсіндісі.