§38 Ми. Үлкен ми сыңарлары
Ми деген не?
Ми – орталық жүйке жүйесінің басты бөлігі, ол бас сүйектің ішінде орналасқан. Ми үш негізгі бөлімнен тұрады: үлкен ми сыңарлары, мишық және ми бағаны. Үлкен ми сыңарлары ойлау, сөйлеу, сезім мүшелері қызметін реттейді. Мишық қозғалысты үйлестіреді және тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Ми бағаны тыныс алу, жүрек соғысы сияқты тіршілікті қамтамасыз ететін процестерді басқарады.
Омыртқалыларда ми эволюциясы
  • Бастапқы кезең

    Балықтарда мидың қарапайым құрылымы пайда болды, ол негізінен иіс сезу және қарапайым қозғалыстарды басқарумен шектелді
  • Орта кезең

    Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларда мидың алдыңғы бөлігі үлкейіп, көру, иіс сезу және қозғалысты жақсырақ реттеуге бейімделді
  • Жоғары даму кезеңі

    Құстар мен сүтқоректілерде үлкен ми сыңарлары айтарлықтай дамып, күрделі ойлау, есте сақтау және мінез-құлықты реттеу мүмкіндігі пайда болды
Үлкен ми сыңарлары
  • МАҢДАЙ

    ойлау, сөйлеу, жоспарлау, шешім қабылдау, ерікті қозғалыстарды басқару және мінез-құлықты реттеуге жауап береді
  • ТӨБЕ

    дененің сезімталдығын (жанасу, қысым, температура), кеңістікте бағдарлауды және қозғалысты үйлестіруді қамтамасыз етеді
  • ШҮЙДЕ

    көруді қабылдау, көру сигналдарын өңдеу және көздің қозғалысын үйлестіру қызметін атқарады
  • САМАЙ

    естуді қабылдап өңдейді, сөйлеуді түсінуге, есте сақтауға және эмоцияларды басқаруға қатысады
Төмендегі қызметтерді дұрыс ми бөлімімен сәйкестендіріңіз:

Қызметтері

Ми бөлімі

а) Тыныс алу және жүрек соғысын реттейді

1) Мишық

ә) Көруді қабылдап, өңдейді

2) Сопақша ми

б) Қозғалысты үйлестіреді және тепе-теңдікті сақтайды

3) Шүйде бөлігі

в) Ойлау, сөйлеу, жоспарлау

4) Маңдай бөлігі

г) Сезімталдық пен кеңістікті бағдарлау

5) Төбе бөлігі

ДҰРЫС/БҰРЫС

  1. Шүйде бөлігі есту қызметіне жауап береді.
  2. Маңдай бөлігі ерікті қозғалыстарды басқарады.
  3. Мишық тыныс алу мен қан айналымын реттейді.
  4. Төбе бөлігі дененің сезімталдығын қабылдайды.
  5. Самай бөлігі сөйлеуді түсінуге қатысады.
ТОЛЫҚТЫРЫҢЫЗ

Маңдай бөлігі ________, ________, және ________ қызметтерін атқарады.


Шүйде бөлігі негізінен ________ қабылдайды.


Төбе бөлігі ________ және кеңістікті бағдарлауға жауап береді.


Самай бөлігі ________ және ________ қатысады.

Үйге тапсырма: Оқулықпен жұмыс
Made on
Tilda