§39. ми бөлімдері
Барлық омыртқалардың немесе бассүйекті жануарлардың миы бес бөлімнен: алдыңғы, ортанғы, аралық, сопақша және мишықтан тұрады. Алдыңғы ми дегеніміз адамдағы үлкен ми сыңарлары.
Ми бөлімдерін қарастырайық
  • Аралық ми
    Аралық ми үлкен ми сыңарларының астында орналасқан. Ол ағзадағы маңызды үдерістерді басқарады. Дене температурасын, зат алмасу қарқындылығын, қан қысымын, зәр шығару, ұйқы мен сергектік, эмоция және сезінуді эмоциялық сипаттау, көңіл күйді реттейді.
    1
  • Ортаңғы ми
    Ортанғы ми бұлшық ет тонусын сақтайды. Яғни жүрген не тұрған кездегі дене қалпын бақылауда оның қызметі өте маңызды. Ортанғы миы зақымдалған мысықтар аяқ-қол бұлшық еттерін бүге алмайды. Ол тұрады, бірақ жүре алмайды. Ортанғы мида көру және естудің бірінші реттік орталықтары да бар.
    2
  • Артқы
    Артқы ми үш бөлімнен: көпір, мишық және сопақша мидан тұрады. Көпір жоғары және төмен жатқан бөлімдер арасында сигналдарды өткізеді. Кейде оны варолиев көпірі деп атайды. Оның қызметі жұлын, сопақша мидан мишыққа, алдыңғы және ортанғы миға және керісінше сигнал қабылдау әрі тарату.
    3
  • Мишық
    Мишықта үлкен ми қыртысына қарағанда едәуір ұсақ иірімдері болатын қыртысы бар. Ұшу күрделілігіне байланысты мишықтағы қыртыс алғаш рет құстарда пайда болған. Егер ересек адамның мишығы зақымдалса, қимыл біртіндеп қалпына келеді. Себебі үлкен ми қыртысы мишықпен бірге дәл қимылдауды басқарады. Оның жасушалары оны қалай жүзеге асыруды біледі, тек мишықсыз басқаруды үйренуі керек. Ал сәбидің мишығы зақымдалса, дәл қимыл жасау ешқашан қалыптаспайды.
    4
  • Сопақша ми
    Сопақша ми жұлынның жалғасы іспетті. Онда сұр зат пен ақ зат жұлындағы сияқты орналасады. Сопақша мида маңызды 3 орталық орналасқан: тыныс алу, жүректің соғуы және асқорыту. Ол жүрек ырғағын, тыныс алу мен тыныс шығарудың алмасуын (жөтелу, түшкіру сияқты тыныс рефлекстері), асқорыту (жүту, сілекей бөлу, асқазанның, ішектің жиырылуы рефлексі, сондай-ақ құсу рефлексі) реттейді. Сопақша ми зақымдалғанда адам бірден қайтыс болады себебі тыныс алу мен жүректің соғуы тоқтайды.
    5
Ақыл картасы құру
Үйге тапсырма: Оқулықпен жұмыс
Made on
Tilda