41-Тақырып. Шартты және шартсыз рефлекстер
Шартты және шартсыз рефлекс деген не?
  • Шартсыз рефлекс
    Бұл туа біткен, тұқым қуалайтын, дайын рефлекс. Ол ағзаның тіршілігін сақтау үшін маңызды және автоматты түрде іске асады. Мысалы: жұту, түшкіру, тізе рефлексі, көзді жыпылықтату.
  • Шартты рефлекс
    Бұл өмір сүру барысында үйренетін, уақытша рефлекс. Ол бірнеше рет қайталанғаннан кейін қалыптасады және тәжірибеге байланысты өзгеруі мүмкін. Мысалы: қоңырау соққанда иттің сілекей бөлуі (Павлов тәжірибесі), велосипед тебуді үйрену

Рефлекстерді әртүрлі топтарға бөлуге болады. ОЖЖ жүйке орталығының орны бойынша барлық рефлексті ми және жұлын рефлекстері деп бөледі. Рефлекс жасайтын рецепторларға байланысты оларды көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері рефлекстері деп бөледі. Рефлексті мүшелер жүйесі бойынша да бөледі. Олар тамақ (сілекей мен асқазан сөлін бөлу, жұту, құсу т.б.), тыныс алу (дем алу, жөтелу, түшкіру), қимыл (тізе рефлексі, ыстық затқа тигенде қолды тартып алу), жүрек-қантамырлар болып бөлінеді. Рефлекстердің шартты және шартсыз деп бөлінуі ең маңыздысы болып саналады.

Шартсыз рефлекс деп бір түрдің барлығында бірдей, туа біткен рефлекстерді айтады. Шартсыз рефлекс ағзаға өмір төжірибесі жоқ кезде тірі қалуға мүмкіндік береді. Мысалы, жаңа туған сәби сору рефлексіне ие. Бет, ерін, иек терісіне жанасқанда сәби рефлексті түрде анасын емуге ұмтылады. Мүндай рефлекс барлық сүтқоректілерге тән. Шартсыз рефлекс орталығы жұлында (тізе рефлексі, бөлу рефлексі), мида (дем алу сопақша ми, термореттелу аралық ми) орналасуы мүмкін.
Шартты рефлекстердің маңызы зор. Олар жануарларға мінез-құлық генетикалық бағдарламасын түзетуге және қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына бейімделуге көмектеседі. Ағзада шартты рефлекстер неғұрлым оңай қалыптасса, қоршаған орта жағдайы өзгерген кезде тірі қалу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Шартты рефлекстер шартсыз тітіркендіргіш арқылы бекітілмесе, ұзақ уақытқа сақтала бермейді. Шартты рефлекс біртіндеп жойылып кетпеу үшін оны шартсыз тітіркендіргішпен бекітіп отыру керек.
Үйге тапсырма: Шартты рефлекстер қалай пайда болатынын сипаттап жазыңыз. Өз мысалыңызды келтіріңіз.
Made on
Tilda