Табақшаны үстел бетіне айналмалы қозғалыстармен абайлап шайқап, ішіндегі материалды ортаға біркелкі етіп жайып, араластырады. Табақшаны агар толықтай қатқанша жабық ұстап, кейін түбін жоғары аударады.
Микроорганизмдердің таза өсірінділерін алу үшін материалдағы көптеген бактерияларды бір-бірінен бөліп алады. Ол үшін бактерияларды ажыратудың механикалық және биологиялық екі принциптеріне негізделген әдістерді қолдануға болады.