11-с. 43-тақырып

Грам оң және грам теріс бактериялар және олардың құрылысының ерекшеліктері
Грам оң және грам теріс бактериялар деген не?
Грам оң және грам теріс бактериялар – микробиологияда бактерияларды классификациялаудың негізгі әдістерінің бірі. Олар Грам әдісімен бояу кезінде бояуды ұстап қалу қабілетіне байланысты ерекшеленеді. Бұл қасиет жасуша қабырғасының құрылымына негізделген.
Грам оң және грам теріс бактериялардың айырмашылығы
Грам оң бактериялар
  • Қабырғасы қалың пептидогликан қабатынан тұрады.
  • Липополисахаридтер жоқ.
  • Кристаллды күлгін бояуды ұстап қалады, сондықтан микроскопта күлгін түсті болады.
  • Мысалдар: Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Bacillus spp.
Грам теріс бактериялар
  • Қабырғасы жұқа, бірақ сыртқы мембранасы бар (липополисахаридті қабат).
  • Кристаллды күлгін бояуды ұстап қалмайды, қосымша бояу қолданғанда қызғылт түске боялады.
  • Мысалдар: Escherichia coli, Salmonella spp., Pseudomonas spp.
Грам бойынша бояу жасуша қабықшасының типін идентификациялау үшін қолданылады. Алғаш рет бұл бояу тәсілін 1884 жылы дат микробиологі Кристиан Грам ұсынған.

Бояудың реттілігі:
  1. Кристалл күлгін.
  2. Препаратты жуу, йод ерітіндісімен өңдеу.
  3. Сумен жуу, 95% этанолмен өңдеу.
  4. Сафранинмен өңдеу.

Капсула бактерияларды зақымдалудан, кеуіп кетуден сақтайды, грам оң бактерияларда, сол сияқты грам теріс бактерияларда да кездеседі. Капсула қосымша осмостық тосқауыл құрады және қор заттарының көзі болып табылады.




Спора - микроорганизмдерді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына түскенде түзіледі. Спорамен олар тіршілігін 40-50 жыл бойы сақтай алады.

James Anderson Nutrition Specialist
Грам оң және грам теріс бактериялар
Грам оң жасушаларға тән ерекшелік
Лизоцим мен пеницилл әсеріне төзімді бактериялар
*Select one or more options
Грам бойынша бояу әдісін ұсынған Дат микробиологі
*Select one or more options
Бактерияны зақымданудан сақтайды
*Select one or more options
Made on
Tilda