11-с. 44-тақырып

Рекомбинантты ДНҚ ұғымы. Алу тәсілдері. қолданылуы
Рекомбинантты ДНҚ деген не?
Әртүрлі организмдердің ДНҚ-ларын біріктіріп, генетикалық материалды өзгерту процесі. Бұл биотехнологияда жиі қолданылатын әдіс, ол гендерді тасымалдау, дәрі-дәрмек жасау, гендік инженерия және басқа да биомедицина салаларында пайдаланылады.
Рекомбинантты ДНҚ алу кезеңдері
ДНҚ көзін таңдау
Қажетті геннің (мысалы, адам инсулині гені) көзін табу
Донор ДНҚ алу
Қажетті генді ДНҚ-дан арнайы рестриктаз ферменттерінің көмегімен кесу.
Мысалы: рестриктаза EcoRI
Векторды дайындау
Вектор ретінде плазмида немесе вирустар қолданылады. Олар да рестриктаз арқылы кесіліп, ген енгізуге дайындалады
Лигаза көмегімен қосу
Қажетті ген мен вектор бір-бірімен ДНҚ лигаза ферментінің көмегімен қосылады. Бұл рекомбинантты ДНҚ-ны қалыптастырады
Хост клеткаға енгізу
Рекомбинантты ДНҚ бактерия немесе басқа хост клеткаға (мысалы, Escherichia coli) енгізіледі. Бұл процесс трансформация деп аталады
Клондау және экспрессия
Хост клеткада рекомбинантты ДНҚ көбейеді және қажетті белок өндіріледі. Мысалы: инсулин өндіру
Рекомбинантты ДНҚ-ның маңызы
  • Медицинада
    Рекомбинантты ДНҚ технологиясы арқылы адам инсулині, өсу гормондары, вакцина және басқа биофармацевтикалық өнімдер алынады. Гендік терапия арқылы тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге болады.
  • Ауыл шаруашылығында
    Генетикалық модификацияланған өсімдіктер ауруларға, зиянкестерге және климаттық өзгерістерге төзімді болып келеді.
  • Экологияда
    Гендік инженерия арқылы ластаушы заттарды ыдырататын бактериялар жасалып жатыр.
  • Ғылымда
    Ағзалардың геномдарын зерттеу, олардың эволюциясын және функцияларын түсіну оңайлады.
Тапсырмалар
Тапсырма №1
Тапсырма №1
Рекомбинантты ДНҚ алудың негізгі кезеңдерін сызба түрінде көрсетіңіз. Әр қадамға түсіндірме беріңіз.
Тапсырма №2
Тапсырма №2
Плазмида мен рестриктаза ферментінің рөлін сипаттаңыз.
Неліктен плазмидалар вектор ретінде жиі қолданылады?
Тапсырма №3
Тапсырма №3
Төмендегі мақсаттарға рекомбинантты ДНҚ технологиясын қалай қолдануға болатынын талдаңыз:
  • Инсулин өндірісі
  • Гендік терапия
  • Ауыл шаруашылығында генетикалық түрлендірілген организмдер жасау.
Тапсырма №4
Тапсырма №4
Гендерді тасымалдау үшін вирустар мен плазмидалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз
Made on
Tilda