11-с. 46-тақырып

Организмдерді клондау тәсілдері
Клон деген не?
Клон - бұл тірі организмнің дәл генетикалық көшірмесі. Табиғатта клондар кең таралған. Бұл, әрине, жыныссыз көбею ұрпақтары. Онда жыныстық процесс болмағандықтан генотип те өзгермейді. Сондықтан туынды организм бастапқы организмнің дәл генетикалық көшірмесі болып табылады. Клондар адамның қатысуымен де жасалады. Көптеген мәдени сұрыптар бастапқы алынған өсімдіктердің клондары болып табылады (мысалы, шегіргүлдер жапырақтары арқылы көбейеді)
  • Г.В.Лопашов
    КСРО ғалымы
    60-жылдары амфибияларды клондау бойынша тәжірибелер жүргізді. Бақалардың уылдырығының ядроларын алып, орнына дене жасушаларынан алынған ядролар салынды. Бақа клондар алынды. Амфибиялармен жұмыс жасау өте оңай болды, себебі олардың ұрықтануы мен ұрықтық дамуы сыртқы ортада жүреді.
  • Иэн (Ян) Уилмут
    Британдық ғалым
    Иэн Уилмут жұмыс тобымне бірге ядроны ауыстыру әдісінің көмегімен қойды клондады. Тәжірибе жасау кезінде өлген қойдың ұлпасының жасушасынан ядросын бөліп алды. Басқа қойдың жұмыртқа жасушасын алып, оның өз ядросын алып тастап, орнына прототип- қойдың жасушасынан алынған ядроны трансплантациялады. Алынған диплоидті жасушаны суррогат ана болған басқа қойға салды. Туылған қозыға Долли деген ат берді
1940 жылы бақа клонын алған кім?
Долли қойы алғаш қай жылы алынды?
*Отметьте один или несколько вариантов
Клондаудың маңызы
*Отметьте один или несколько вариантов
Тірі организмнің дәл генетикалық көшірмесі
*Отметьте один или несколько вариантов
Клонды өсімдік жасушасынан алуға бола ма?
Made on
Tilda