"Микроклоналды көбейту" ұғымы. Өсімдіктерді микроклоналды көбейтудің кезеңдері мен әдістері. маңызы
Жасушалар мен ұлпалардан өсірінді алу саласындағы жетістіктер вегетативті көбеюдің түбегейлі жаңа әдісі клонды микрокөбейту әдісін жасауға алып келді. Клонды микрокөбейту in vitro арқылы, жыныссыз жолмен, бастапқы өсімдік данасына генетикалық ұқсас клон алу. Әдістің негізінде өсімдік жасушасына тән тотипотенттілікті жүзеге асыруға бағытталған ерекшелік жатыр.
Микроклоналды көбейтудің артықшылықтары
Біркелкі өсімдіктер алу
Қысқа мерзімде көп өсімдік алу
Аурусыз өсімдіктерді көбейту
Құнды түрлерді сақтау
Вегетативті көбеюі қиын өсімдіктерді көбейту
Генетикалық модификацияға мүмкіндік беру
Жыл бойы өндірістік процесс жүргізу
Көбейту аймағының тиімділігі
Өсімдіктердің генетикалық сақталуы
Клон терминін 1903 жылы Уэбстер ұсынған (грек. klon өсімдіктердің көбеюі үшін жарамды қаламше немесе өркен). Ғылыми терминологияға сәйкес клондау жеке жасушалардан ұқсас организмдерді алуды білдіреді.