Ферменттерді медицинада, химия өндірісінде және өнеркәсіпте қолданылуы
Ферменттер деген не?
Бұл тірі ағзалардағы химиялық реакцияларды катализдейтін биологиялық молекулалар (негізінен ақуыздар). Олар реакциялардың жылдамдығын арттырып, ағзадағы метаболизм процестерін реттейді.
Ферменттердің ерекшелігі
Арнайы әрекет етеді
Әр фермент белгілі бір субстратқа (затқа) ғана әсер етеді.
Реакция жылдамдығын арттырады
Белгілі бір процестерді мыңдаған есе тездетеді.
Жұмсақ жағдайларда жұмыс істейді
Төмен температурада, бейтарап рН және қалыпты қысымда әрекет етеді
Қайта қолдануға жарамды
Реакция аяқталғаннан кейін өзгеріссіз қалады
Дәптермен жұмыс
Тапсырмаларды орындаңыз
Жауаптары
Кестенің жауабы
Көмірсулар – Амилаза → Глюкоза. Ақуыздар – Пепсин → Амин қышқылдары. Майлар – Липаза → Глицерин және май қышқылдары. Лактоза – Лактаза → Глюкоза және галактоза.
Сәйкестендіру
Амилаза – б) Ауыз қуысы. Пепсин – а) Асқазан. Липаза – г) Ұйқы безі. Лактаза – в) Аш ішек.
Логикалық сұрақ
Фермент 100°C-та денатурацияға ұшырайды.
Фермент рН деңгейі қолайлы болғанда (мысалы, пепсин үшін қышқыл орта) ең белсенді болады.
Үйге тапсырма
"Егер ферменттер болмаса, ағзада не болар еді?" деген тақырыпта қысқа әңгіме жазыңыз.