Эпигенетика биология ғылымының салыстырмалы түрде жаңа қалыптасқан бағыты, әлі де болса, генетика сияқты кең танымал емес. Ол генетиканың организмнің дамуы немесе жасушаның бөлінуі кезінде гендердің белсенділігінің тұқым қуалау өзгерістерін зерттейтін саласы. Эпигенетикалық өзгерістер кезінде ДНҚ нуклеотидтерінің реттілігі ауыстырылмайды. Басқаша айтқанда, эпигенетика ДНҚ реттілігі өзгермесе де, гендердің "қосылып" немесе "сөнуі" арқылы ағзаның қызметін реттейді