Жерді қоршап тұрған газ қабаты жер үстіне және онда орналасқан бар лық заттарға белгілі бір мөл шерде атмо сфералық қысым түсіреді. Адам және барлық тірі ағзалар сондай қысымға белгілі бір уақыт тың ішінде бейім деледі. Адам үшін ең қолайлы қысым 760 мм сынап бағанасы.
Циклон және антициклонның адам қысымына әсері
Циклонның әсері
Циклон кезінде ауадағы оттектің мөлшері азайып, көмірқышқыл газының мөлшері көбейеді. Мұндай ауа райы төменгі артериялық қысымы бар адамдарға жайсыз әсер етеді.
Оттектің жетіспеуінен гипотониктерде (қысымы төмен адамдарда) келесі белгілер байқалады: қан айналымы баяулайды, мүшелер мен ұлпаларға келетін қанның мөлшері азаяды, артериялық қысым төмендейді, тамырдың соғуы әлсіз болады, тыныс алу қиындайды, бас айналады, құсады, ұйқы келеді, әлсіздік пайда болады, жүректің соғуы жиілейді.
Антициклонның әсері
Плазмида да рестриктаза ферменттерімен кесіліп, геннің енгізілетін аймағы ашылады.
Плазмидада көбіне антибиотикке төзімділік маркері немесе басқа таңдау маркері болады.
Жануарлар атмосфералық қысымды тіршілік ету үдерістерінде белсенді пайдаланады, әсіресе жабысу қабілеттерінде
Сүлік жабысқақтарын су түбінде қозғалу үшін пайдаланады
Сегізаяқ жабысқақтарын жемтігін ұстап алу үшін қолданады
Геккондар аяқтарының ерекше құрылымы арқылы тегіс беттерге жабыса алады
Биік тауларда мекендейтін қар барысы, тауешкі төменгі атмосфералық қысымда тіршілік етуге бейімделген.
Басты себептері
Төмен оттегі деңгейіне бейімделу
Қанның құрамы: Гемоглобин деңгейі жоғары, бұл қанның оттегіні тиімді тасымалдауын қамтамасыз етеді. Қан айналымы: Қан айналым жүйесі тезірек жұмыс істейді, бұлшықеттерге оттегіні жеткізу жылдамдығын арттырады.
Өкпенің ерекше құрылысы
Қар барысы мен тауешкінің өкпесі үлкен және көлемді, бұл оттегіні көбірек сіңіруге мүмкіндік береді. Өкпе ұлпаларының икемділігі жоғары, бұл тыныс алудың тиімділігін арттырады.
Энергия тиімділігі
Ағзалары төмен қысым мен аз оттегі жағдайында энергияны үнемді жұмсауға бейімделген. Жүрек соғысы баяулайды, бірақ тиімді жұмыс істейді.
Үйге тапсырма
1. Атмосфералық қысым дегеніміз не?
2. Ауа райы және жергілікті жердің биіктігі атмосфералық қысымға қалай әсер етеді?
3. Альпинистер тауға көтерілу үшін, не себепті алдын ала денесін шынықтырады және оттек бар баллондар алып жүреді?