Жердегі барлық денеге тартылыс күші әсер етеді. Сұйықтың молекулалары жерге қарай тартылады. Үстіңгі қатарда орналасқан молекулалар жерге тартылуына байланысты төменгі қатардағы молекулаларға салмақ түсіреді. Сұйық және газ барлық бағытқа бірдей қысым береді. Қатты денелерде күш қай жақтан болса, сол бағытта қысым түсіреді. Қысым осылай пайда болады.