6-с. 44-тақырып

Қозғалыстың салыстырмалылығы
Заттың кеңістіктегі орны. Санақ денесі
Мысалы, оқушы сынып тағы бір заттың орналасқан орнын сипаттауы керек. Сипаттаған кез де, оны келесі оқушы кідірместен табатындай етіп дәл жеткізу ке рек. Заттың орналасқан жерін анықтағанда, салыс тырмалы түрде жанында орналасқан денеге байланысты орны да анықталады.
Санақ денесі деген не?
Анықтамасы
Бұл қозғалысты зерттегенде басқа денелердің орнын, қозғалыс траекториясын немесе жылдамдығын салыстыратын дене. Әрбір қозғалыс белгілі бір санақ денесіне қатысты қарастырылады.
Мысалы
Егер сіз автобус ішінде отырсаңыз, өзіңізді орындыққа қатысты қозғалмай тұр деп есептейсіз. Бірақ, автобус жерге немесе жолға қатысты қозғалып жатыр.
Қозғалыстың салыстырмалылығы
Анықтамасы
Қозғалыс бір санақ денесіне қатысты байқалғанымен, басқа санақ денесіне қатысты байқалмауы мүмкін. Яғни, қозғалыс дененің қандай санақ денесіне қатысты қарастырылатынына байланысты болады
Мысалы
Автобус жүріп келе жатыр. Автобус ішінде отырған жолаушы бір-біріне қатысты қозғалмайды. Бірақ сыртта тұрған адамға жолаушылар автобуспен бірге қозғалып жатқандай көрінеді.
Мысалдар
  • 1-тапсырма
    Төмендегі жағдайларды санақ денесін ескере отырып сипаттаңыз:
    Сұрақтар
    • Күнделікті өмірде көлік ішінде отырған адам үшін өзіне қатысты заттардың қозғалмауы.
    • Жаяу жүргіншінің велосипед айдап келе жатқан адамға қатысты қозғалысы.
  • 2-тапсырма
    Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
    Сұрақ
    • Егер пойыздың ішіндегі жолаушы жүруге кіріссе, ол басқа жолаушыларға қатысты қалай қозғалады?
    • Ал жердегі бақылаушы үшін ол қалай қозғалады?
  • 3-тапсырма
    Берілген мәтінге қарап, дұрыс тұжырымды таңдаңыз
    Сұрақ:
    "Автобус қозғалып бара жатқанда ішіндегі жолаушыға кітап үстелдің үстінде қозғалмай тұрғандай көрінеді. Бірақ жердегі бақылаушы үшін кітап автобуспен бірге қозғалып барады."
    • Кітап қозғалмайды.
    • Кітап қозғалады.
    • Кітап тек санақ денесіне байланысты қозғалады.
Made on
Tilda