Планетамыздың жер бедері алуан түрлі. Ол жүздеген миллион жылдар бойы қалыптасты және әлі де қалыптасу үстінде. Таулардың орнында жазықтар, ал жазықтардың орнында таулар болды деген пікір дұрыс па? Бұл сұраққа таулардың пайда болуын зерттейтін тектоника және тарихи геология ғылымдары жа- уап береді. Материктік платформалардың бір-бірімен соқтығысқан жерінде таулар пайда болады (орогенез). Таулардың пайда болуына ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) күш әсер етеді.