Арнайы шыны түтікке немесе стақанға ас содасының ұнтағын саламыз (шай қасықтың 1/4 бөлігі), оның үстіне 3-4 мл 9%-ды сірке қышқылының ерітіндісін (алма сірке қышқылы да болады) құямыз. Сонда соданың көпіршіктенгенін және газ көпіршіктерінің жарыла бастағанын байқаймыз. Бұл газдың бөлініп шығуы. Яғни көмірқышқыл газы. Оны да лелдеу үшін стақанның ішіне сіріңкенің жанып тұрған шырпысын ақырындап жақындатамыз. Ол тез арада сөніп қалады, себебі көмірқышқыл газы отты өшіреді. Жүргізген тәжірибе арқылы жаңа заттың көмірқышқыл газының (СО) пайда болғанын көрдік.