1665 жылы алғаш рет жасушаны ағылшын ға- лымы Роберт Гук зерттеді. Ол тығын жасайтын емен ағашы не себепті суға батпайтынын зерттеу үшін оның жұқа қабықшасын сол кездегі жетілдірілген микроскоппен қарады. Ғалым ағаштың қабығы көптеген ұсақ ұяшықтарға бөлінгенін байқады. Сол ұяшықтарды (ағылшын тілінде cell «ұяшық, тор» деген мағынаны білдіреді) жасуша деп атады.