Көбею тіршіліктің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, келесі ұрпақ беретін тірі ағзаларға тән жалпы қасиет. Табиғатқа бақылау жасай жүріп, өсімдіктер тұқымнан өсетінін, балапан жұмыртқадан жарып шығатынын, біз анамыздан туатынымызды білеміз. Неге біз өсеміз, неге біртіндеп салмақ қосамыз? Бұл сұрақтардың жауабын тірі ағзалардың көбею және өсу үдерісін оқып-үйренген кезде білетін боламыз.