6-с. 35-Тақырып.
Ағзалардың қоректенуі

Тірі ағзалардың өсіп дамуында тамақтану аса маңызды рөл атқарады. Тірі ағзалар қоректенген азығынан органикалық заттарды алады. Олар нәруыздар, көмірсулар мен майлар және т.б. Қоректік заттардың аздаған бөлігінен жануарлар өз денесін құрады, ал қалған бөлігінен энергия алады. Бұл энергия қозғалуға, өзіне қажет заттарды синтездеуге т.б. үдерістерге жұмсалады. Осының арқасында қозғаламыз, қажетті дене температурасын қалыпты ұстап тұрамыз. Өсімдіктер фотосинтез үдерісі арқылы энергияны Күннен алады.

Made on
Tilda