6-с. 36-тақырып
тамақтану рационы
Үйлестірілген тағам дегеніміз не?
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі. Үйлестірілген тағам дегеніміз ағзаның сұранысына қажетті энергия (микроэлементтер және дәрумендер) мөлшері. Үйлестірілген тағаммен тамақтану нәтижесінде ағза қалыпты дамиды және өз қызметін дұрыс атқарады. Үйлестірілген тағаммен тамақтану режімінің уақытын сақтаудың маңызы зор.
Дұрыс тамақтану рационы.
Дұрыс тамақтану рационына әртүрлі тағам түрлері, сапалы азық-түлік, қажетті мөлшердегі көмірсу мен нәруыз, аздаған мөлшерде май, дәрумен және минералдар жатады. Сонымен бірге тамақтану режімін сақтау керек .

Зертханалық жұмыс

Тамақ өнімдерін тестілеу және сараптау (анализ)
Тәжірибенің мақсаты: Тағамда С дәруменінің бар екенін дәлел- деу, пайдалану жарамдылығына қорытынды шығару. Құрал-жабдықтар мен реактивтер: дәріхана йоды, су, стақан, тетрапакеттегі алма шырыны (3 түрі болуы керек), крахмал клейстері.
Тәжірибенің барысы
1-тапсырма. Топқа бөлініңдер. Сараптама жасаудан бұрын, өнімді төмендегі жоспар бойынша оқып біліп алыңдар:
1. Өнімді шығарған мекеменің атауы.
2. Өнімді шығарған мекеменің мекенжайы.
3. Өнімнің атауы және шығарылған күні.
4. Нормативті құжаттың сілтемесі.
5. Жарамдық мерзімі, сату және сақтау кезіндегі температуралық режимі.
2-тапсырма. Су құйылған стақанның үстіне йодты тамшылатып қоса отырып, қою шайдың түсіне дейін жеткізіңдер. Йодтың түсі нақты болуы үшін, азғана крахмал қосып, көк түске дейін жеткізуге болады. Көк түске бақылау жасау ыңғайлы болады.
а) 3 пробиркаға 1 см³ көлеміндегі әртүрлі сұрыптағы алма шы- рынын құямыз (тетрапакеттегі шырын). Шырынды 1:3 есебіндегі сумен араластырамыз.
ә) Әр пробиркадағы алма шырынының қоспасына бір тамшыдан йод (1 минут ішінде қоспаның түсі өзгергенше) қосып отырамыз. Ендігі жерде қанша тамшы қосқанымызды есептейміз. Егер де йод тамшысы аз қосылса, С дәрумені өте аз немесе мүлдем жоқ дегенді білдіреді. Көбірек қоссақ, С дәрумені бар дегенді білдіреді.
б) Қорытындыны кестеге жазыңдар. Қорытындыны талқылап, ішуге жарамды немесе жарамсыз де- ген шешім шығарыңдар. Жұмыстарыңды бағалаңдар.
Made on
Tilda