6-с. 38-тақырып
Адамның тыныс алуы
Тыныс алу дегеніміз не?
Тыныс алу деп қоршаған орта мен ағза арасындағы газ алмасу үдерісін атайды. Біз әрдайым тыны аламыз. Ұйықтап жатқан кездің өзінде де тыныс алу тоқтамайды.
Адам және жануарлар ағзасында оттектің қоры болмағандықтан, олар үнемі оттекті қажет етеді. Көмірқышқыл газы - зат алмасу үдерісі кезінде қалыптасатын газ. Тыныс алу жүйесі ауа жолдары мен өкпеден тұрады. Тыныс алу мүшелерінің қызметі сыртқы орта мен ағза арасындағы газ алмасуын реттеу. Тыныс алған кезде адам өкпесіне атмосфера ауасы түседі.
Made on
Tilda