Зат алмасу барысында жануарларда да өсімдіктердегідей артық өнімдер қалыптасады. Сондықтан да жануарлар өзіне қажетті заттарды пайдаланып, қажетсіз заттарды, кейде тіршілігіне қауіпті заттарды тез арада сыртқа шығарып тастайды. Жануарлар көмірқышқыл газын, суды, зәрді, қорытылмаған тамақты сыртқа шығарып отырады.