6-с. 40-тақырып

Ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап реакциясы
Тітіркенгіштік дегеніміз не?
Қоршаған орта үнемі өзгеріп отыратын-дықтан, кез келген ағза ол өзгерісті сезеді. Тірі ағзаның сыртқы ортаның әсерін сезуі және оған реакция жасауы табиғи қасиеттердің бірі. Егер де ағза тіршілік ортасындағы өзгерісті сезбесе немесе оған реакция жасамаса, ол өз тіршілігінен айырылуы мүмкін.
Тітіркенгіштік ағзаның қоршаған орта әсеріне беретін жауабы немесе тітіркенуді сезу қасиеті. Қозғыштық тірі жасушалардың қоршаған ортадағы өзгерісті қабылдау қасиеті және оған қозу арқылы беретін жауабы.
Өсімдіктердің тітіркенуі. Көпжасушалы өсімдіктердің сезім және жүйке мүшелері жоқ, дегенмен оларда әртүрлі формадағы тітіркенулер бар. Оларға өсімдіктің бойлап өсу бағытының немесе тамырының, сабағының, жапырағының өзгеруі жатады. Көпжасушалы ағзадағы мұндай тітіркенуді тропизм (өсу қозғалысы) деп атайды.
Жануарлардың тітіркенуі. Көпжасушалы жануарларда жүйке жүйесі, сезім мүшелері және қозғалыс мүшелерінің дамуына байланысты тітіркену деңгейі күрделі және осы мүшелердің әрекеттесуіне тәуелді болады. Егер де тұщы су гидрасын инемен түртіп қалсаң, ол жиырыла қалады.
Made on
Tilda