6-с. 41-тақырып
энергия көздері
Күн - басты энергия көзі
Барлық энергия көздері Күн энергиясымен байланысты . Бізге таныс көмір, мұнай және газ Күн энергиясының әсерінен пайда болған органикалық заттардың қалдығы. Табиғаттағы су айналымы да Күннің энергиясы арқасында жүретін үдеріс. Олай болса, су стансыларының жұ-мысы да Күнге байланысты. Желдің күші жер бетінің әртүрлі қызуынан туындайды. Бұл жерде де оның қызуына Күн сәулесі әсер етіп тұр. Мұхиттық ағыстар мен судың толысуы да Күн энергиясына тәуелді.
Күн энергиясын пайдалануға жылыжайды мысал ретінде алуға болады. Жылыжайда жыл бойы көгөніс өседі. Сонымен бірге жаз айларында күн түсіп тұрған жерге су құйылған ыдысты қойып, оны жылытып алуға болады. Күн стансыларындағы фотоэлектр элементтері арқылы электр қуаты алынады.

Made on
Tilda