44-Тақырып. Биологиялық ырғақтар. Ұйқы
Ұйқы ми мен ағзаның физиологиялық күйі. Бұл кезде қимыл белсенділігі едәуір төмендейді, сыртқы тітіркендіргіштердің әсер көрсету қабілеті толық тоқтайды. Ұйқы сүтқоректілер мен құстардың барлық түріне тән. Ұйқы сергектік күйін ауыстыратын бірден-бір күй.
Ұйқы кезінде қарама-қарсы маңызды 2 фазаны шартты түрде бөлуге болады: баяу ұйқы жөне тез ұйқы фазасы.
  • Тез және баяу ұйқы
    Ұйқы кезінде адамда бірін-бірі ауыстыратын ұқсас емес екі физиологиялық күй байқалады. Басқаша айтқанда, үйқының тез (парадоксальді) және баяу (ортодоксальді) түрі бар.
  • Баяу ұйқы
    Баяу ұйқы кезінде дене босаңсиды. Жүрек қағысы мен тыныс алу сергектік күйге қарағанда баяу, ал тыныс алу үстіртін болады. Жалпы қан қысымы мен зат алмасу сөл төмендейді. Дене температурасы да төмендейді (сондықтан үйықтаған кезде тоңамыз). Бірақ мидың оттек- пен қамтамасыз етілуі және нейронның оттекті пайдалануы өзгермейді.
  • Тез ұйқы
    Тез ұйқы кезінде барлығы керісінше болады. Үлкен ми сыңары қыртысында қозу үдерісі күшейеді. Миға жасалған ЭЭГ-де тез үйқы кезінде сергектік күйге қарағанда ми белсенділігі ерекшеленетіні анықталған. Яғни ми сергектік кездегіге қарағанда едәуір белсенді. Осы уақытта адам түс көреді. Егер адамды тез ұйқы фазасында оятса, көрген түсін есте сақтайды және айтып бере алады.
Тапсырмалар
  • Төмендегі жағдайларда ұйқының жетіспеуі қандай қиындықтар туындататынын жазыңыз:

    1. Оқушы үнемі түнде телефон қарап, кеш ұйықтаса
    2. Спортшы маңызды жарыс алдында жеткілікті демалмаса
    3. Ғалым немесе жазушы шығармашылық жұмыс кезінде аз ұйықтаса
  • Өзіңіздің күнделікті ұйқы тәртібіңізді талдаңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

    1. Қай уақытта ұйықтауға жатасыз?
    2. Ұйқыңыз қанша сағатқа созылады?
    3. Таңертең оянған кезде өзіңізді қалай сезінесіз?
    4. Егер ұйқы уақытыңызды өзгертсеңіз (ерте жату немесе кеш жату), қандай өзгерістер байқайсыз?
Made on
Tilda