§45. Ұйқы гигиенасы және жұмысқа қабілеттілік
Жұмысқа қабілеттілік адамның белгілі бір мақсатқа бағытталған әрекеті жұмысты тиімді орындау қабілеті. Жұмысқа қабілеттілік төмен болғанда, адам белгілі бір жұмысты орындай алмайды. Мысалы, мүлде дайындығы жоқ адам ұшақты басқара алмайды. Бұл жағдайда оның жұмысқа қабілеттілігі нөл болады. «Жұмысқа қабілеттілік» деген түсінік экономикада, социологияда, психологияда кеңінен қолданылады.
Жұмысқа қабілеттіліктің сатылары.
Жұмысқа қабілеттіліктің заңды түрде өзгеруі жұмыс күні де, жұмыс аптасы бойы да байқалады. Бірінші кезең жұмысқа кірісу. Бұл кезде жұмысқа қабілеттілік әлі де жоғары емес. Ауыр еңбек жұмысы кезінде жұмысқа кірісу шамамен 20-25 минут алады, ал орташа еңбек жұмысы кезінде 1-1,5 сағат. Шығармашылық, ақыл-ой еңбегі кезінде ол 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін, осы кезде жұмысқа қабілеттілік біртіндеп артады.
Оңтайлы жұмысқа қабілеттіліктің екінші кезеңінің соңында туындайтын қажу белгілері онша әсер етпейді. Үшінші кезең қажу. Бұл кезде жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі байқалады. Ешқандай ерік күші жұмысқа қабілеттілікті барынша жоғары деңгейде үстап тұра алмайды. Күшті қалпына келтіру үшін демалу керек.
Фотосинтез туралы қызықты мәліметтер
Ұйқы – миды “тазартады”
Ұйқы кезінде ми жасушалары арасындағы кеңістік кеңейіп, зиянды қалдықтар (бета-амилоидтар) шығарылады.
Адам өмірінің үштен бірі – ұйқыда өтеді
Орта есеппен адам 75 жыл өмір сүрсе, оның 25 жылы ұйқымен өтеді.
Смартфон жарығы - ұйқының жауы
Көк жарық мелатонин гормонын тежеп, ұйқының келуін баяулатады.
Ұйқы кезінде дене температурасы төмендейді
Бұл метаболизмді баяулатып, ағзаны демалтады.
Ұйқысыздық иммунитетті әлсіретеді
5 сағаттан аз ұйықтау суық тию қаупін 3 есе арттырады
Ақыл картасы құру
Ұйқының маңызын, пайдасын сипаттаңыз

Сәйкестендіру: “Ұйқының пайдасы” бағанындағы мәліметтерді тиісті нәтижелерімен сәйкестендір


Ұйқының пайдасы

Нәтижесі

Иммундық жүйені нығайтады

А) Қан қысымының төмендеуі

Стресті азайтады

Ә) Суық тию қаупі азаяды

Жүрек жұмысын жақсартады

Б) Жақсы көңіл-күй

Есте сақтау қабілетін жақсартады

В) Ақпаратты оңай қабылдау

Made on
Tilda