Күн төртібі тәулік ішіндегі іс-әрекеттің барлық түрі мен демалуды тиімді бөлу. Күн тәртібі ағза қызметінің биологиялық ырғағы негізінде құрылады. Жұмысқа қабілеттіліктің жоғары болуы сағат 11-ден 13 аралығында байқалады. Екінші рет сағат 16-дан 18 аралығына тура келеді. Бірақ оның ұзақтығы мен қарқындылығы едәуір төмен болады.
Оқушы күн тәртібінің негізгі элементтері:
1. Мектептегі және үйдегі оқу сабақтары; 2. Таза ауада барынша ұзақ уақыт болып, белсенді демалу; 3. Жүйелі түрде және жеткілікті тамақтану; 4. Физиологиялық толыққанды ұйқы; 5. Жеке таңдауы бойынша еркін іс-әрекет.
Дәптермен жұмыс
1. Төмендегі жағдайға сәйкес күн тәртібін құрастырыңыз:
Сабақ сағат 8:00-де басталады.
Үй тапсырмасына 1,5-2 сағат уақыт бөлінуі керек.
Спортпен айналысу үшін кемінде 30 минут қарастыру қажет.
Телефон немесе теледидар қарау уақыты шектелуі тиіс.
Ұйқы уақыты 8-10 сағат болуы керек.
Сұрақ: Егер оқушы күнделікті әр түрлі уақытта ұйықтаса, оның денсаулығы мен оқудағы жетістіктеріне қалай әсер етеді?
2. Төмендегі жағдайларда қандай кеңес беруге болатынын жазыңыз.
Медина үй тапсырмасын орындағанда жиі шаршап, сабаққа дайындалғысы келмейді. Ол не істеуі керек?
Данияр кешке дейін сабақ оқып, таңертең шаршаңқы болып тұрады. Оның күн тәртібін қалай жақсартуға болады?
Айсулу сабақ оқу кезінде музыка тыңдағанды ұнатады. Бұл оның оқуына қалай әсер етуі мүмкін?