47-тақырып. Есте сақтауды жақсарту әдістері. Жүйке жүйесі жұмысына жағымсыз факторлардың әсері.

Есте сақтауды жақсарту әдістері. Қазіргі кезде адамның есте сақтау қабілетін жақсарту мақсатымен оған әсер етудің әртүрлі жүйелері мен әдістері жасалып, қолданылуда.

Жүйке жүйесіне әсер ететін жағымсыз факторлар. Спиртті ішімдік ми қыртысының жұмысын тежейді. Спиртті ішімдіктерге мидың нәзік жүйке жасушалары өте сезімтал. Қанның құрамындағы спирттің, тіпті аздаған мөлшерінің өзі алдымен жасушаларды наркоз күйіне келтіреді, содан кейін улайды. Ал созылмалы маскүнемдік болған жағдайда ми жасушаларының бір бөлігі өледі.
Нәтижесінде мидың жұмысы бұзылады, есте сақтау, зейін, ойлау процестеріне зақым келеді. Спиртті ішімдік бүкіл мүшелерге кері әсер етеді. Ол қандағы гемоглобин мөлшерін төмендетеді, эритроциттерді бұзады, ағзадағы витаминдердің сіңірілуін азайтады, асқазан мен өңештің сілемейлі қабығына зиян келтіреді, жүрек бұлшық еттерінің май басып, оның дұрыс қызмет атқаруына кедергі жасайды. Жас адамның ағзасы спиртті ішімдікке ерекше сезімтал болып, аз мөлшердің өзі жас ағзаны улауға жеткілікті болады.
Грек жаңғағы
Өзге жаңғақтармен салыстырғанда грек жаңғағының құрамында Е дәрумені өте көп. Ал Е дәрумені миыңызды түрлі аурулардан қорғайды.
Қызанақ
Қызанақ жеу арқылы өзіңізді Альцгеймар ауруынан аман сақтап қала аласыз. Сонымен қатар оның құрамында бос радикалдармен белсенді күресетін ликопин антиоксиданты бар.
Какао
Қара шоколадты тек тәтті құмар балалар жемейді. Ол ересек адамдарға да пайдалы. Өйткені жүрек, қан тамырлар аурулары үшін какаоның пайдасы зор.

Made on
Tilda