Тыныс алу барлық тірі организмге тән қасиет және тіршілік белгісі. Өсімдіктің тыныс алу үдерісі барлық организмдегі сияқты өмір бойы күндіз де, түнде де үзіліссіз жүзеге асып отырады. Өсімдіктің тамырлары да, сабақтары мен жапырақтары да, гүлдері мен әлі пісе қоймаған жемістері де тыныс алады. Тыныс алу кезінде өсімдіктер ауадан оттегіні (02) жұтып, көмірқышқыл газын (СО2) бөліп шығарады.