Тақырып: §40 Қандай зат алмасу өнімдері бар және олар өсімдіктер мен жануарлар организмнен қалай шығарылады
Бөліп шығару организмді зат алмасудың соңғы өнімдерінен, тамақпен бірге организмге түскен немесе организмде түзілген артық судан, тұздан, бөгде және улы заттардан тазарту.
Өсімдіктердің арнайы бөліп шығару жүйесі жоқ. Сондықтан бөліп шығаруды барлық тірі жасушалары (көбінесе жапырақ пен тамырдың), сонымен қатар арнайы бөліп шығарушы тіндердің жасушалары (безді түкше, сүтқұлақ, шірнелік т.б.) атқарады. Көмірқышқыл газының артық мөлшері диффузия арқылы жасушалардан жасушааралық кеңістікке түседі де, саңылау, жасымықша немесе қабықшадағы тесіктер арқылы сыртқы ортаға шығарылады.

Жануарлардың артық заттарды организмнен бөліп шығару үдерісі олардың зат алмасуының белсенді болуымен, сонымен қатар күрделі тіршілік әрекеті үдерістерімен байланысты. Омыртқалыларда көмірқышқыл газын бөліп шығару өкпе немесе желбезек арқылы жүзеге асырылады. Су, тұздар және азотты алмасу өнімдері негізінен бөліп шығару мүшесі бүйректер арқылы сыртқа шығарылады.
Дәптермен жұмыс
Үйге тапсырма
Өсімдіктердегі
және жануарлардағы бөліп шығару процесін түсіндіру.
Made on
Tilda