§43. Заманауи ауылшаруашылық технологиялары және өнімділігі жоғары ауылшаруашылықты енгізудің баламалы жолдары

Гетерозис будандық (гибридтік) қуаттың жарқылы: буданның өнімділігін, тіршілік қабілетін, өсімталдығын және жақсы бейімделуін арттыру. Осындай құбылыс туыс емес формаларды (әртүрлі тұқымдар, сорттар немесе тіпті түрлерді) будандастырған кезде бірінші ұрпақ
будандарында пайда болады.
Бағытталған мутагенез мутация мөлшерін саналы түрде арттыру үдерісі. Бұл әдіс құнды белгілері бар мутантты дараларды іріктеу үшін қолданылады. Мутациялардың көбісі зиян. Жасанды мутагенез бойынша экспериментте даралардың көп мөлшері жарамай қалады.



Полиплоидия бағытталған мутагенез нәтижесінде даралардың хромосома санын екі есе арттыру. Шын мәнінде, полиплоидия мутагенез нәтижесі болып табылады, бірақ оны өзіне төн айырмашылықтарына байланысты жеке әдіс ретінде бөліп көрсетеді. Әдетте, хромосома саны арттырылған өсімдіктердің полиплоидты даралары үлкен вегетативті массаға ие.

  • Гетерозис
    әртүрлі тұқымдық ата-аналарды будандастырғанда ұрпақтың ата-анасынан да күшті, өнімді болып шығуы. Мұндай ұрпақтар тез өседі, ауруларға төзімді келеді және ауылшаруашылығында жиі қолданылады.
  • Жасанды мутагенез
    мутациялар тудыру үшін ағзаларға химиялық заттар немесе радиация әсерін қолдану әдісі. Бұл арқылы жаңа пайдалы белгілері бар сорттар мен тұқымдар алынады.
  • Полиплоидия
    жасушада хромосомалар жиынтығының еселеніп кетуі. Мұндай өсімдіктер көбіне ірі жемісті, мол өнімді болып келеді (мысалы, құлпынай, бидай).
  • Бағытталған мутагенез
    гендерді арнайы әдіспен өзгерту арқылы қажетті нәтиже алу. Ол заманауи биотехнологияда, гендік инженерияда қолданылады.
Жауабы
1 – Гетерозис, 2 – Бағытталған мутагенез, 3 – Жасанды мутагенез, 4 – Полиплоидия
Артықты тап
Берілгендердің ішінен біреуі артық. Себебін түсіндіріңіз:
  • Гетерозис
  • Жасанды мутагенез
  • Полиплоидия
  • Тұқым қуаламайтын өзгеріс
Made on
Tilda