Тақырып:§43. Энергия қайдан алынады
Жердегі басты энергия көзі Күн болып табылады. Қалған энергия көздерінің барлығы Күннің арқасында түбегейлі жаңғырып отырады. Мысалы, зауыттар мен электрстансыларының жұмысы үшін таскөмір қажет, ал ол күн энергиясының арқасында өскен ежелгі қырыққұлақ өсімдігінен пайда болған. Біз де күн энергиясын тұтынамыз, өйткені біз тағамға қолданатын өсімдіктер фотосинтез үдерісінің көмегімен өседі. Біз тұрмыста сүті мен етін пайдаланатын үй жануарлары өсімдікпен қоректенеді, яғни Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі күн энергиясын тұтынады.

Энергия көзі адамзат баласына тіршілік үшін қажетті энергия алуға мүмкіндік беретін заттар немесе табиғи үдеріс.

Дәптермен жұмыс
Үйге тапсырма
«Заманауи энергия көздері» тақырыбында реферат жазу
Made on
Tilda